Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (КД – отбасының өткен тоқсандағы кірісі мүшесіне 22792 теңге аспайтын).

    Атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселесі бойынша белгіленген үлгідегі өтініші мен сәйкестендіру үшін жеке басын куәлендіретін құжатын алып тұрақты тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе «Электрондық үкімет» E-gov веб-порталы арқылы өтініш беруге болады.

    Өтініш білдіру кезінде сізге толық кеңес беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) мәселесі қарастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрықпен бекіткен жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқық беру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жер коде...

    ·
    Сұрақ

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қалай алуға болады?

    Жауап

    Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-заң) сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, о...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекет меншігіндегі бар және де жер пайдалануына ұсынылмаған жер телімдерінің немесе жер телімдеріне жалдау құқығының ұсынылуы сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында азаматтардың қандай санаттарына мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады?

    Жауап

    "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес», көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары денсаулық сақта...

    ·