Спорттық разрядтарды, атақтар мен біліктілік санаттарын беру жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру?
Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, бірінші санатты жоғары деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, орта санатты әдіскер біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүзеге асырылады.
НҚА-ға сілтеме: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығы «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы»