Сақтандырудың жоқтығынан есепке қоюдан және талдауларды тапсыруға жіберуден бас тартылды

    Қарасай ауданы әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Сақтандырудың жоқтығынан есепке қоюдан және талдауларды тапсыруға жіберуден бас тартылды

    Жауап

    Учаскелік терапевт-дәрігердің қызметтері, сондай-ақ жүктілікті анықтау және есепке қою үшін зертханалық зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесіне қарамастан ұсынылады.

    Бұл көлемге сонымен қатар учаскелік терапевт немесе емхананың жалпы практика дәрігерінің медициналық қызмет көрсетуі кіреді, атап айтқанда:

    - жүкті әйелдерді антенаталдық (босанғанға дейінгі) бақылау, босанғаннан кейінгі кеш кезеңде босанған әйелдерді бақылау, экстрагениталдық патологиясы бар фертильді жастағы әйелдерді динамикалық бақылау;

    - жүкті әйелдерді босануға, оның ішінде әріптестік босануға дайындау бойынша босанғанға дейінгі оқытуды жүргізу, жүкті әйелдерді қауіп-қатер белгілері туралы, тиімді перинаталдық технологиялар, қауіпсіз ана болу, емшекпен емізу қағидаттары туралы хабардар ету.

    Жоғарыда аталғандар негізінде, алғашқы бақылау және зертханалық зерттеулер Сізге ақысыз көрсетілуі керек.

    Жүктіліктің асқынған ағымында учаскелік маман МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі болған жағдайда бейінді мамандарға, оның ішінде гинекологқа кеңес алуға жібереді. Осыған ұқсас, ауыр өлімге әкелетін, емделмейтін және генетикалық бұзылыстары бар балалардың туылуын болдырмау үшін хромосомалық патологияны ерте анықтауға және диагностикалауға арналған пренатальды скрининг, ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі де сақтандырылған мәртебе болған жағдайда беріледі.

    Қазақстан Республикасында медициналық сақтандыру міндетті болып табылады, осыған байланысты жұмыс беруші Сіз үшін төленбеген кезеңге жарналар және (немесе) аударымдарды төлеуі қажет.

    Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда жүктілік бойынша есепке қойылғаннан кейін Сіз үшін МӘМС-ға жарналарды төлеуді мемлекет жүргізеді.