Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (АПЗ) және жобалаудың техникалық шарттарын қалай алуға болады?
Қызмет eGov.kz. портал арқылы тегін көрсетіледі. Сізге электрондық өтініш беру, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды, техникалық шарттарға арналған сауалнама парағын және сыртқы инженерлік желілер трассаларының сызбасын қоса тіркеп ұсыну қажет.
СЖТ беру мерзімі 6-дан 15 жұмыс күніне дейін (объектінің күрделілігіне байланысты).