Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут дегеніміз не және оны белгілеу тәртібі қандай?

    Жаңақорған ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Пайдалы қазбаларды барлау үшін жария сервитут дегеніміз не және оны белгілеу тәртібі қандай?

    Жауап

    Жария сервитут – жер учаскесін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай, заңда көзделген қоғамдық немесе мемлекеттік маңызы бар мақсаттар үшін жерді шектеулі пайдалану құқығын белгілеу.

    Пайдалы қазбаларды барлау немесе геологиялық зерттеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер учаскесін меншікке немесе жер пайдалануға алмай-ақ, жария сервитут негізінде қажетті жұмыстарды жүргізе алады. Бұл норма Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-1-бабында көзделген.

    Жария сервитут жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша және оның жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиясы немесе келісімшарты негізінде тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен белгіленеді.

    Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушысы жерді пайдалану кезінде келтірілген залалдың және заңда көзделген төлемдердің өтелуін талап ете алады. Ал жер қойнауын пайдаланушы барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    Жауап

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:• Кө...

    Сұрақ

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    Жауап

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    Сұрақ

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Жауап

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау о...

    Сұрақ

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың;сотталғандығы заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    Жауап

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    Сұрақ

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Жауап

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.Мәслихат депута...

    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыст...

    Сұрақ

    СЖТ алғаннан кейін және эскизді келіскеннен кейін құрылысты бірден бастауға бола ма?

    Жауап

    Жоқ. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу, Жобаның сараптамасынан өту (ЖТҚ үшін оңайлатылған тәртіппен), авторлық/техникалық қадағалауды жалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (ГАСК) міндетті...