Ағаштарды кесуге рұқсатты қалай алуға болады?

    Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы

    Сұрақ

    Ағаштарды кесуге рұқсатты қалай алуға болады?

    Жауап

    1. Ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін өтініш беруге кімнің құқығы бар?

    Жер учаскесінің иесі — егер ағаштар оның аумағында өссе. (мемлекеттік меншікті куәландыратын актінің болуы шарт)

    2. Әрекет ету тәртібі

    1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру туралы өтінішті электронды түрде қалыптастырыңыз

    2. Қажетті құжаттар тізімін ағаштарды кесу себебі мен жұмыстарды жүргізу негізін көрсетіп толықтырыңыз; растайтын материалдарды қосыңыз.

    3. Ағаштарды кесуден кейін өтемдік отырғызу орнын анықтау.

    72-бап. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде және/немесе заңсыз кесу (қырқу), жою немесе зақымдау жағдайында өтемдік отырғызу кесілген, жойылған немесе зақымдалған ағаштар орналасқан учаскенің айналасындағы 1 километр радиуста жүргізіледі.

    49. Ағаштарды кесу келесі жағдайларда жүргізіледі:

    1. бекітілген және келісілген қала құрылыстық құжаттамада көрсетілген құрылыс және құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жағдай жасау;

    2. инженерлік инфрақұрылым объектілерін қызмет көрсету, қайта құру және инженерлік желілерді, жер асты және жер үсті коммуникацияларын орналастыру;

    3. авариялық және төтенше жағдайларды жою, соның ішінде инженерлік инфрақұрылым объектілерінде;

    4. бар объектілердің аумағын абаттандыру, эстетикалық көрініс беру, жасыл желектің сапасы мен түрін жақсарту қажеттілігі;

    5. адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіретін ағаштарды санитарлық кесу;

    6. қоғамдық пайдаланудағы жерлерде ағаштар мен бұталардың өсуі.

    55. Ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде жеке және заңды тұлғалар кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат ұсынады, бұл ережелердің 7-қосымшасына сәйкес дайындалады.

    4.Санитарлық нормалар (қарапайым түрде)

    Сирек кездесетін ағаштарға қатысты хабарлаймыз: уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметінің Тізбесіне енгізілген сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың жасыл желектерін кесуге рұқсат бермейді. Мұндай ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау жағдайында сол түрдегі жасыл желектерді өтемдік отырғызу жүз еселенген мөлшерде жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

    Ағаштарды кесуге рұқсат қағазын рәсімдеу үшін құжаттарды электрондық түрде белгіленген тәртіппен E-gov (elicense.kz бөлімі – қоршаған ортаны қорғау – ағаштарды кесуге рұқсат беру – қызметке онлайн тапсырыс беру) электронды үкімет арқылы жүргізіледі .

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Алматы қаласында өзен арналарының жағаларын бекіту және абаттандыру бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    1.Қандай жұмыстар жүргізіледі: · Басқарма тарапынан Алматы қаласындағы үш өзеннің — Үлкен Алматы, Боралдай және Қарғалы — арналары бойынша абаттандыру және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. · Қалған өзендер бойынша 11 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Олар аяқталғаннан...

    Сұрақ

    Қоқыс алаңын (контейнерлік алаңды) көшіруді қалай бастауға болады?

    Жауап

    1. Тасымалдауды кім бастай алады Контейнерлік алаңды көшіру бастамасын көтеруге болады: - кез келген тұрғын үй иесі (үй тұрғындары); - мүлік иелері бірлестігінің төрағасы; - үйдің кеңесі; 2. Іс-қимыл тәртібі 1.Бастамашы жиналыс өткізілетін күнге дейін кемінде 5 күн бұрын тұрғында...