Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын негізсіз көтеріп сату анықталса не істеу керек?

    Абай облысы Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын негізсіз көтеріп сату анықталса не істеу керек?

    Жауап
    • Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері (мысалы: қант, нан, ұн, сүт, май және т.б.). Бұл тауарлар бойынша мемлекет тарапынан бағаға бақылау жүргізіледі және сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.
    • Егер азамат әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы негізсіз жоғары екенін байқаса, ол бұл факті бойынша дәлелдер жинай алады. Негізгі дәлелдерге фискалдық чек, фото және бейнематериалдар жатады. Жиналған материалдар өңір бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданады.
    • Аталған департамент түскен өтініш бойынша алдымен сауда нысаны иесіне алдын ала хабарлама жолдайды және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кейін қажет болған жағдайда тексеру ұйымдастырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қалай электронды түрде тұрғын үй кезегін қадағалауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2025 жылдың 24 мамырынан бастап азаматтарды тіркеу және кезектен шығару функциясы «Отбасы Банк» АҚ құзыретіне электронды платформа: https://orken.otbasyb...

    Сұрақ

    Мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік гранттар мемлекеттік орган арқылы өңірлік үйлестірушілер (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы) арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу конкурстарының нәтижелері бойынша беріледі. Гранттар мемлекеттік қолдау мен бизнесті дамы...

    Сұрақ

    Өсімдік шаруашылығына, атап айтқанда тұқым, тыңайтқыш және пестицид, гербицидтерге субсидия қалай аламын?

    Жауап

    Ауыл шаруашылығы субъектісі ретінде тіркелу керек, өтінімді gosagro.kz арқылы белгіленген мерзімде беру қажет. Құжаттар: егіс алқаптары туралы мәлімет, сатып алу құжаттары (шот-фактура, келісімшарт). Қолданылатын өнімдер ҚР-да тіркелген болуы тиіс. Тексерістен кейін субсидия қара...

    Сұрақ

     «Қаладан ауылға» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    «Қаладан ауылға» – ауылдық аумақтарға қоныс аударуды ынталандыруға бағытталған жоба. Бағдарламаға қатысу үшін азамат қоныстанатын өңірді таңдап, әкімдікке немесе жауапты органға өтініш береді, құжаттарын тапсырады және белгіленген тәртіппен қоныстандыру рәсімінен өтеді.