Бірыңғай ұйымдастырушының тауарларды мемлекеттік сатып алуда материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы бар ма?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 78-тармағына сәйкес, тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы қойылмайды.
Жекелеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігіндегі біліктілік талабы Заңның 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделеді.