Қай жерлерде газ баллондарды орнатуға тиым салынады?

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Қай жерлерде газ баллондарды орнатуға тиым салынады?

    Жауап

    «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 28-бабы 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тұрғын көппәтерлі үйлердегі тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады (Сұйытылған мұнай газ баллоны - бұл пропан газын немесе бутанды сығылған (сұйық) күйінде сақтайтын металлды баллоны. Егер үй көп пәтерлі болса және 2 қабаттан көп болса, онда мұндай газ баллондарын пәтерде сақтауға немесе пайдалануға тыйым салынады).
    Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың 180 тармағына сәйкес: Сұйытылған мұнай газының баллондарын орнатуға жол берілмейді:
    1) тұрғын бөлмелерде және дәліздерде;
    2) жертөле және жертөле үй-жайлары мен шатырларда;
    3) астында және үстінде орналасқан үй-жайларда: қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түскі және сауда залдарында, аудиториялар мен оқу сыныптарында, ғимараттардың көрермен (акт) залдарында, аурухана палаталарында, басқа да осыған ұқсас үй-жайларда;
    4) табиғи жарығы жоқ үй-жайларда;
    5) авариялық шығу жолдарында;
    6) ғимараттардың негізгі қасбеттері жағынан.
    Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталмауы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
    Жауапкершілік: әр тұлға қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті, газ баллондарын пайдалану ережелерін бұзу, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін, олар:
    - айыппұл;
    - бұзушылықты жою туралы нұсқама;
    - газ жабдықтарын пайдалануға тыйым салу.
    Бұл әсіресе келесі жағдайларға қатысты:
    - газ боллонды 2 қабаттан жоғары көпқабатты үйде қолданылған жағдайда;
    - баллон тыйым салынған жерде орнатылған жағдайда;
    - газ жабдықтарын қауіпсіздік ережелерін бұза отырып пайдаланылған жағдайда.
    Негізгі қауіптер
    Газ баллондарын ереже сақтамай пайдаланған сәтте төнетін қауіптер тұрі:
    - Жарылыс-газ ағып, ұшқын түскен кезде.
    - Өрт — егер газ баллоны отқа немесе жылуға жақын болса.
    - Газбен улану-жабық бөлмеде ағып кету кезінде.
    - Көршілерге төнетін қауіп — әсіресе көп пәтерлі үйлерде.
    Пропан-бутан газы ауадан ауыр, сондықтан ағып кетсе, ол бөлменің төменгі жағында жиналып, жарылыс қаупін арттырады.
    Газ баллондарын пайдалануға рұқсат етілеін жерлер:
    - жеке тұрғын үйлерде (2 қабатқа дейін);
    - көшеде арнайы шкафтарда немесе баллондарға арналған контейнерлерде;
    - желдеткіші мен терезелері бар арнайы жабдықталған үй-жайларда;
    - егер қауіпсіздік ережелері сақталса, саяжайларда және шаруашылық құрылыстарда.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кітапхана қоры қалай қалыптастырылады?

    Жауап

    Кітапхана қоры бірнеше тәсілмен құрылады:Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңа кітаптар сатып алу. Кітапхана оқырмандардың сұрауларын есепке ала отырып, қажетті әдебиеттердің тізімін жасайды, содан кейін қаражат бөлінсе тапсырыс береді;Кітап алмасу және сыйға тарту - кітапхан...

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі.Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі...

    Сұрақ

    Бюст орнату бастамасын кім көтере алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында бюст (ескерткіш) орнату мәселесі тарихи-мәдени мұраны қорғау және монументтік өнер объектілерін орналастыру қағидаларына сәйкес реттеледі. Бұл бастама еркін түрде көтеріле алады, алайда шешім қабылдау белгілі бір рәсімдік тәртіп арқылы жүзеге асырылады.1...

    Сұрақ

    Өтінішті кері қайтарып алу тәртібі қандай?

    Жауап

    1) e-Otinish / eGov арқылыЕгер өтініш электрондық түрде берілсе:пайдаланушы жеке кабинетке кіреді;берілген өтінішті ашады;«Өтінішті кері қайтарып алу» функциясын таңдайды;кері қайтарып алуды растайды.2) Қағаз түрінде (кеңсе арқылы)Егер өтініш жазбаша берілсе:өтінішті кері қайтары...

    Сұрақ

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін азамат e‑отыныш порталы — тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) электрондық өтініш беру жүйесі арқылы өтініш бере алады.Портал e‑отынышта:Туған күн және жеке куәлік деректерімен (ИИН) жүйеге кі...

    Сұрақ

    Діни әдебиетті қайда таратуға болады?

    Жауап

    ҚР Дін қызметі және діни бірлестіктері туралы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес, діни әдебиетті, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадатханаларда (ғимараттарда), діни (рухани) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, р...

    Сұрақ

    Миссионерлік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Миссионер тіркеуді алу үшін, қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқару органының дін қызметі саласындағы жергілікті әкімдігіне жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш;жеке куәлікті растайтын құжаттың көшірмесі;дін бірлестігі берген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру ө...

    Сұрақ

    Діни шараларды культ құрылыстарының сыртында өткізуге болады ма?

    Жауап

    Иә, болады. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 7-1-бабына сәйкес, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, ғибадат үйлерінен (құрылыстарынан) тыс жерлерде өткізілетін діни іс-шаралар туралы хабарлама беру...