Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды

    Орны
    Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына өтініштер қабылдау басталды
    КонкурсАяқталды

    Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек Күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

    Еңбек күнін мерекелеу аясында Министрлік жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын өткізеді. «Еңбек жолы» конкурсының мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

    Конкурс 3 номинацияны қамтиды:

    - «Үздік еңбек әулеті»,

    - «Өндірістің үздік жас маманы»,

    - «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2021 жылдың 15 наурызынан 30 маусымына дейін жүргізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн-дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің женімпаздарын облыстық комиссия, ал конкурстың республикалық кезеңінің женімпаздарын республикалық комиссия анықтайды. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумында 2021 жылдың 1-ші тамызына дейін өтетін болады. Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    КездесуЖақында

    Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Біржан сал ауданының халқымен кездесуі

    Құрметті Біржан сал ауданының тұрғындары! «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 05 тамыз күні сағат 11.00-де Үлгі а. мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Біржан сал ауданының х...

    5 тамыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ақмола облысының әкімі Біржан сал ауданының халқымен кездесуі

    Құрметті Біржан сал ауданының тұрғындары! «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін 2026 жылғы 30 шілде күні сағат 10.00-де Үлгі а. мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Біржан сал ауданының х...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ақмола облысының әкімі Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесуі

    2026 жылғы 14 тамызда сағат 10:00-де Балкашино ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу аяқталғаннан кейін аудандық Мәдениет үйінде Ақмола облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

    14 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауы

    Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! 2026 жылғы 1-30 наурыз аралығында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есептің ашық талқылауына шақырамыз. Есеп Ақмола облысы əкімдігінің www.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінд...

    1 наурыз 2026 ж.Тікелей