Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БрифингАяқталды

    Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің қатаң бақылауында.

    Жүргізілген мониторинг нәтижесінде жұқпалы аурулардың 52 түрі бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген, ал 29 нозология бойынша аурушаңдық деңгейі төмендеген.

    Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде баяндады.

    Спикердің айтуынша, биылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 13 765 жағдайы тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,2 есеге азайған. Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер нәтижесінде тұмау вирусы анықталған жоқ.

    Өңірде жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинация жүргізу және халықтың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    Мамандар тұрғындарға профилактикалық екпелерді уақытылы алуға, жеке гигиена талаптарын сақтауға және ауру белгілері байқалған жағдайда дәрігерге ерте жүгінуге кеңес береді.

    Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    **АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ** Ақтөбе қаласында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тікелей байланыстыруға бағытталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, жұмысқа орналасуға мүмкіндік...

    СұхбатАяқталды

    📺 Ақтөбе ТВ арнасындағы сұхбат

    📺 Ақтөбе ТВ арнасындағы сұхбат Бүгін Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жансерік Бердімұратұлы Кульманов және бөлім басшысы Нұргүл Байронқызы Утешова Ақтөбе ТВ арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында бақылау мақсатында сатып алынған бақша өнімдері, анықталған сәйк...

    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті әріптестер!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, адалдық пен кәсібилікті талап ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, халықтың игілігі жолындағы қызметтеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркенде...

    КонференцияАяқталды

    📍 БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ | Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай

    📍 БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ | Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдайБүгін Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қойшанова Райхан Мусалиевна өңір тұрғындарына маңызды ақпаратпен бөлісті. Арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында облыстағы жедел респираторлық вирустық инф...