«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау мақсатында 2026 жылғы 27 қараша күні сағат 10:00-де Қ.Күмісбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Қорғалжын ауданының халқымен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.
Барлық аудан тұрғындарын кездесуге қатысуға шақырамыз!
Ақмола облысы әкімінің аппараты