
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, қолдау, марапаттау және мұғалім мамандығының қоғамдағы алатын орнын, кәсіби шеберлігін таныту мақсатында ағымдағы жылдың 27 қазан күні Орал қаласындағы №42 «Ақ ниет» гимназиясы базасында Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің арасында облыстық «Математикалық регата» байқауы оздырылды.
🔰 Бұл байқауға ауданымыздың мұғалімдерінен құралған «ФРАКТАЛ» тобы қатысып, тапсырмаларды орындаудың тың жолдарын және өздерінің әдістемелік қорларының молдығын көрсетіп жүлделі ІІ орынды иеленді.
🔰 Топ құрамында Тлегенова Гульжанат Амангельдиевна (Бударин мектеп-бөбекжай кешені), Амангалиева Эльмира Сайновна (Тайпақ мектеп-гимназиясы), Арыстанова Гульжайна Исатаевна (Талап мектеп-бөбекжай кешені), Исатаева Гульфия Рафиховна (Базартөбе жалпы орта білім беретін мектебі) сынды білікті ұстаздар болды.
🔰 Ұстаздарымызды құттықтаймыз! Жетістіктер көп болғай!!!