
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ!
АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзатты ізгілікке баулитын да, жақсылыққа тәрбиелейтін де, асыл қасиеттерді бойына дарытатын да – ұстаз. Сондықтан ұстаз – ұлы ұғым, оған деген ел құрметі қашан да ерекше. Ендеше, мұғалімдер күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін!
Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа биіктерден көрініп, нәтижелі жұмыстарыңыз жарқын жетістіктермен толыға берсін!
Мереке құтты болсын!