
1 қазан — Халықаралық қарттар күні.
Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тарапынан 1990 жылы бекітілген. Оның мақсаты — қарт адамдардың қоғамға қосқан үлесіне назар аудару, олардың әл-ауқатын, қадір-қасиетін, денсаулығын және құқықтарын қорғау мәселелерін насихаттау.
Бұл күні ата-аналарға, ата-әжелерге, аға буын өкілдеріне және барлық қарт адамдарға алғыс айтып, жылы лебіз білдіру ерекше маңызды.