
Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы А.С. Әли Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясына қатысты. Сессия облыстық мәслихаттың төрағасы Н.С.Қобжановтың төрағалығымен, Қарағанды облысының әкімі Е.К.Бөлекпаевтың, облыс әкімінің орынбасарларының, басқармалар мен департаменттердің басшыларының, сондай-ақ өңір қалалары мен аудандары әкімдері мен мәслихат төрағаларының қатысуымен өтті.
«Қарағанды облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын берудің жаңа Ережелерін бекіту сессияда қабылданған маңызды шешімдердің бірі болды. Жаңа ережелер атақ беру кезінде мерзімдер мен сандық шектеулерді өзгертуді, сондай-ақ белгіленген квоталардан тыс көрсеткен ерлігі үшін атақ беру мүмкіндігін көздейді.
Сессия барысында Қарағанды облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары да бекітіліп, денсаулық сақтау саласында және өңірдін әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар шешімдер қабылданды.