Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған оның жобасы - «Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасына жалпы түсіндірме жазба;
2) Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасы - «Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасының бас жоспары сызбасы;
3) Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға , адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасы - «Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының Бас жоспары. Түзету» жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингі.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: ТОО «Сәулеткер».
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2050 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап 24 қыркүйекке дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 24 қыркүйекке дейін қоса алған да).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-13-83
e-mail: [email protected],
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
Алматы облысының әкімдігінің сайтында (сілтемені енгізу).