Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға
5-қосымша
БЕКІТЕМІН
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы
______________Н.С. Өтепбаев
«__» ___________________
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/н |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1 |
Сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маман лауазымы 2026 жылғы 6 ақпанынан бастап бос лауазым. Лауазымның ұзақ мерзімді бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. |
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялау және басқарма сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімінің бас маманы лауазымына конкурс жариялау жөнінде облыс әкімі аппаратына ұсыным жолдау. |
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялау жөнінде әкімі аппаратына ұсыным жолдау |
Ұсыным хат, конкурс жариялау |
Сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімі |
Тамыз 2026 жыл |
2 |
Ағымдағы жылда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа және қылмыстық жауаптылыққа тартылу фактілері анықталды. |
Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың және өзгеде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар іс-шаралар күшейту. |
Семинарлар ұйымдастыру |
Хаттама Әлеуметтік желідегі сілтеме |
Сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімі |
Тамыз 2026 жыл |
3 |
Рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша қағидаларға өзгерістер енгізу орынды деп санаймыз. Рұқсат беру органының құжаттарды қараудың белгіленген мерзімі, екі жұмыс күні, жеткіліксіз және оны веб-портал жұмысының жиі іркілуіне байланысты кемінде 3 жұмыс күніне дейін ұлғайту қажет. |
Қызмет көрсетудің жалпы мерзімін 18 жұмыс күніне дейін ұлғайту қажет, немесе 15 жұмыс күні мерзімі сақталған жағдайда келісу мерзімін 7 жұмыс күніне дейін қысқарту ұсынылады. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне ұсыным жолдау |
Ұсыным хат |
Өнеркәсіп және инвестициялар бөлімі |
Тамыз 2026 жыл |
4 |
2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 «Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру туралы» бұйрығына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат беру, қысқа мерзімде қарастыру, белгілі регламенттің белгіленбеуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып келу қаупі бар. Яғни, өтінішхат рәсімдеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерін туғызуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу үшін өтінішхат беру функциясын жергілікті атқарушы органдардан алып тастау мүмкіндігін қарастыру. Келіп түскен құжаттарды тексеру бойынша қажетті ақпараттық жүйелерге рұқсат болмауы тәуекелдерге әкеледі. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсыным жолдау |
Ұсыным хат |
Сыртқы экономикалық байланыстар және жинақтау бөлімі |
Тамыз 2026 жыл |