
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма мамандарының кәсіби білім деңгейлерін арттыру мақсатында 2026 жылғы 28 тамыз күні Тері мен шырышты қабаттардың зақымдалуы бойынша қызмет көрсететін косметологиялық мекемелер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтарына қойылатын талаптарын түсіндіру және талқылау бойынша онлайн форматта семинар ұйымдастырып өткізілді.
Семинар барысында тері мен шырышты қабаттардың зақымдалуы бойынша қызмет көрсететін косметологиялық мекемелер, сұлулық салондары, косметологиялық орталықтарына қойылатын талаптары және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу тәртібі бойынша баяндамалар жасалды, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.