
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарлайды. Талдау жүргізу ағымдағы жылдың қыркүйегінен қарашасына дейінгі кезеңде жоспарланған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: [email protected], құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.