
ҮІІІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 50 сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 50 сессиясы 2026 жылдың 27 тамыз күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 16:00–ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілсін:
Шиелі ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 50 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезекті
50 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев