Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы

    Орган
    Орны
    Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы
    КездесуАяқталды

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 474 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Елшіліктің мекенжайы: Birger Jarlsgatan 37, 3 tr., 111 45, Stockholm.

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, сайлауға қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың № 474 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Швециядағы мекенжайы, байланыс деректерді) «Құрылтай-2026» белгісімен келесі электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: [email protected].
    Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келу қажет екеніне назар аударамыз.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Қазақстан Републикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум өтетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты Швецияның аумағында 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Швеци...

    15 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі