«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер қабылдайды.
Қаулы жобасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының веб-сайтында орналастырылған.