Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
1) «Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каратобе ауылын дамыту жөніндегі бас жоспарды әзірлеу» жобасына жалпы түсіндірме жазба;
2) «Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каратобе ауылын дамыту жөніндегі бас жоспарды әзірлеу» жобасының бас жоспары сызбасы;
3) «Алматы облысы, Қарасай ауданы, Каратобе ауылын дамыту жөніндегі бас жоспарды әзірлеу» жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингі.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: ТОО «Сәулеткер».
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесі
СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2050 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы27 шілдеден бастап (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы07 тамызға дейін қоса алған да).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90
e-mail: [email protected]
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Алматы облысының әкімдігінің сайтында (сілтемені енгізу).