
САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТҰРҒАН САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
Жалағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес №7 (Мекен-жайы: М.Шәменов ауылдық округі, М.Шәменов ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №6, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты) округтік сайлау комиссиясының, №128 (Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №7, Аудандық мәдениет үйі ғимараты) және №133 (Мекен-жайы: М.Шәменов ауылдық округі, М.Шәменов ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №6, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты) учаскелік сайлау комиссияларының (әрі қарай – сайлау комиссия) құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша мәслихат сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы20 шілде мен 03 тамыз аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash?lang=kk сайтының “Сайлау” атты парақшасында орналастырылған. Көру, көшіріп алу : prilozhenie kaz .rar (55,0 кб).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 04 тамызға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Жалағаш аудандық мәслихаты
Жалағаш аудандық мәслихаттың төрағасы – Ө.Елеусінов
Мәслихаттың орналасқан жері: Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі 14 үй.
Жауапты маман –Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, байланыс телефоны (872431)32389, ұялы телефоны 8-777-680-34-50.
Жалағаш аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов