Жаңасемей аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жаңасемей аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
    ХабарландыруАяқталды

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

    Аумақтық сайлау комиссиялары жеті мүшеден тұратын құрамда құрылады.

    Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай Жаңасемей аудандарының аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

    Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Комиссияның жаңа мүшесі шығып кеткен мүшенің өкілеттік мерзімінің қалған уақытына (сайлау комиссиясының ағымдағы құрамы жұмысының 5 жылдық мерзімің аяқталғанға дейін) сайланады.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда Жаңасемей аудандық мәслихаты өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 10 шілдеден 24 шілде аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;

    2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші;

    5) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы.

    Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері Жаңасемей аудандық мәслихатының сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/documents/details/748486?lang=ru

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындау үшін қажетті білім деңгейіне, жұмыс өтіліне және (немесе) жұмыс тәжірибесіне, кәсіби құзыреттеріне белгіленген, аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ «Сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтықтан оқыту және тестілеу» Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында сайлау туралы заңнаманы білуге арналған тестілеуден кіші жүйе арқылы өткені туралы сертификаты болуы тиіс.

    Сайланған комиссияның мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған кеңес табылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

    Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау комиссиялары 2026 жылғы 10 шілдеден 24 шілде аралығында (қоса алғанда), дүйсенбіден жұмаға дейін, 08:30-18:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін. Мекен-жайы: Семей қаласы, ​Глинки көшесі, 73 Г, 4 қабат, 410 кабинет.

    Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы – Ермек Толегенович Абильмажинов. Мәслихаттың орналасқан жері: Семей қаласы, Глинки көшесі, 73 Г, 4 қабат, 410 кабинет.

    Жауапты тұлғалар – Жанаков Айдос Муташевич, Байтабанова Марал Жанатовна
    Байланыс деректері: 8 (707) 449-84-90, 8 (776) 6221122,

    Е-mail: [email protected].

    Участковые избирательные комиссии - 4 вакансии

    Номер избирательного участка

    Местонахождение

    избирательной комиссии

    Количество вакансий

    1.

    № 110

    Орталығы: "Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, 421.

    Шекара: Қараөлең ауылдық округі шегінде.

    1

    2.

    № 115

    Орталығы: "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көкентау ауылы, Бейбітшілік көшесі, 17278.

    Шекара: Көкентау ауылы, Қыземшек ауылы.

    1

    3.

    № 118

    Орталығы: "Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Көкентау ауылы, Бейбітшілік көшесі, 17278.

    Шекара: Көкентау ауылы, Қыземшек ауылы.

    1

    № 129

    Орталығы: "Озерки жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Озерки ауылы, Комсомол көшесі, 22 "А".

    Шекара: Озерки ауылы;

    Шекара: Кіші Ақтөбе ауылы;

    Шекара: Каштак ауылы;

    Шекара: Каштак орман шаруашылығы;

    Шекара: Қаракөл ауылы;

    Шекара: Балтатарақ ауылы.

    1

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Жаңасемей аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Аумақтық сайлау комиссиял...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жаңасемей аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарларына

    2026 жылдың 07 сәуірінде сағат 10:30-да Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма жетінші кезекті сессиясының отырысы өтеді. Өтетін орны: Глинки көшесі, 73Г, 3 қабат, мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10:15-те басталады. Ұсынылатын күн тәртібі: 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп. К...

    27 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жаңасемей аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Аумақтық сайлау комиссиял...

    22 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жаңасемей аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарларына.

    2025 жылдың 18 желтоқсанында сағат 15:30-да Жаңасемей аудандық мәслихатының жиырма үшінші кезекті сессиясының отырысы өтеді. Өтетін орны: Глинки көшесі, 73Г, 3 қабат, мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 15:20-да басталады. Ұсынылатын күн тәртібі: Жаңасемей ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияла...

    8 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жаңасемей аудандық мәслихатының қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты қалған өкілеттік мерзіміне шығып қалғандардың орнына сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссия...

    1 тамыз 2025 ж.Тікелей