2026 жылғы 1 шілде күні Сайрам ауданы әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісін тағайындау көзделеді

    Орны
    Кеңесші лауазымына 29.06.2026 жылға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Ақсукент ауылы, Жандарбеков көшесі №4, сектор меңгерушысы Тажибеков Шахмардан (тел. 8-702-559-99-02) үміткерлердің тарапынан төмендегі құжаттарды ұсыну керектегінің назарларыңызға саламыз:
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 12 шілдедегі "Министрлердің, аудандардың, қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін мүгедектік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілерді тағайындау қағидаларын бекіту туралы "№250 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 1 шілде күні Сайрам ауданы әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісін тағайындау көзделеді (әрі қарай кеңесші).

    Осы бұйрықтың 2-тарауына сәйкес кеңесші болып жиырма жасқа толған, арнаулы орта немесе жоғары білімі, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде 5 жыл кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, сондай - ақ жергілікті деңгейде кемінде 2 жыл тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Кеңесші өз қызметінде аудан әкіміне есеп береді, кеңесші лауазымына үміткер: мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, судья болуға тиіс емес; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы; заңда белгіленген тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуы; психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бойынша есепте тұруы.

    Кеңесші лауазымына 29.06.2026 жылға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Ақсукент ауылы, Жандарбеков көшесі №4, сектор меңгерушысы Тажибеков Шахмардан (тел. 8-702-559-99-02) үміткерлердің тарапынан төмендегі құжаттарды ұсыну керектегінің назарларыңызға саламыз:

    1) еркін нысандағы өтініш;

    2)оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) білімі туралы құжаттың, сондай-ақ оқудан өткенін, оның ішінде қысқа мерзімді курстардан өткенін куәландыратын құжаттың, оқуды аяқтау, біліктілігін арттыру туралы сертификаттың немесе куәліктің, ғылыми дәрежелер және (немесе) атақтар беру туралы құжаттың көшірмесі;

    4) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтер;

    5) соттылықтың, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты, ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуге оның жазбаша келісімі арқылы алынатыны туралы мәліметтер. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде кеңесші лауазымына кандидат осы құжаттарды дербес қоса береді.

    Кеңесшініңөкілеттікмерзімі-үшжыл.Бірадамқатарынанекіреттенартықкеңесшібола алмайды.

    Кеңесші өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

    Ұқсас материалдар

    КонкурсЭфирде

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Келес ауданынан конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Келес ауданынан конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі. қ/с ж/е жер учаскесінің лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде Өңірдің ауылшару...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2026 жылы 30 қыркүйек сағат 16-00 де Келес ауданы, Абай ауылы, аудан әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.Сайрам ауданы әкімінің аппараты
    ОтырысАяқталды

    Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыс

    Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімшілігі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару Заңына» сәйкес, Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қасымбек датқа ауылы, С.Сарманов көшесі №4 ғимаратының мәжіліс залында 2026 жылдың 28 күні сағат 10-00-де жергілікт...

    26 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қасымбек датқа ауылы, С.Сарманов көшесі №4 ғимаратының мәжіліс залында 2026 жылдың 28 күні сағат 10-00-деСайрам ауданы әкімінің аппараты
    ОтырысАяқталды

    Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыс

    Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қасымбек датқа ауылы, С.Сарманов көшесі №4 ғимаратының мәжіліс залында 2026 жылдың 14 шілде күні сағат 10-00-де жергілікті қоғамдастық жиынын жиналысы өткізілетін болады. Осыған орай, Сайрам ауданы әкімі аппратының веб сайтына жариялап беруіңізді сұр...

    14 шілде 2026 ж.Тікелей
    Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары Қасымбек датқа ауылы, С.Сарманов көшесі №4 ғимаратының мәжіліс залындаСайрам ауданы әкімінің аппараты