
📜 Іс-шара барысында өңір бухгалтерлеріне адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар табысталды.
👏 Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарып жүрген жас мамандардың ата-аналарына ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі, саналы да жауапты азамат тәрбиелегені үшін Алғыс хаттар тапсырылды.
📌 Бухгалтерлер қауымдастығы салық тәртібін қамтамасыз етуде, кәсіпкерлікті дамытуда және қоғамның қаржылық мәдениетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Ал жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен жетістіктерінің негізінде ата-ананың тәрбиесі мен қолдауы жатыр.
🤝 Барлық марапат иелеріне шынайы алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
🎊 Мереке құтты болсын!