
Мемлекеттік қызметкердің ата-анасына шынайы алғыс!
Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні аясында Нұра ауданы экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінде ерекше әрі мәні зор шара өтті – жас мемлекеттік қызметшінің ата-анасын құрметтеу рәсімі ұйымдастырылды.
Құрметті Омаров Қалмахан Жолтайұлы мен Молдабекова Бахыт Болатқызы! Сіздерге қыздарыңыз Шаяхметова Айтгүл Қалмаханқызын адалдыққа, жауапкершілікке және елге қызмет ету рухында тәрбиелеп, оның мемлекеттік қызмет саласында абыроймен еңбек етуіне негіз қалағандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ұлт мүддесін жоғары қоятын, кәсібіне адал,адамгершілік қасиеттері мол азамат тәрбиелеу – үлкен еңбектің жемісі. Сіздердің тәлім – тәрбиелеріңіз бен өнегелі жолдарыңыздың арқасында Айтгүл Қалмаханқызы ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқарып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!