Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан Целиноград ауданы білім бөлімінің қызметіне жоспарлы тексеру жүргізілді.
Тексерудің мақсаты білім бөлімінің қызметінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкестігін анықтау, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу тиімділігін бағалау болды.
Бақылау іс-шаралары барысында ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білім беру саласындағы заңнама нормаларының сақталуы, жүктелген мемлекеттік функциялардың орындалуы және білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары анықталды.