
Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов облыстық спартакиадада «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтап отырып, жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, олардың аудан абыройын асқақтатқанын атап өтті.
«Спорттағы әрбір жетістік – тәртіптің, табандылықтың және командалық рухтың жемісі. Сіздер облыстық деңгейде Іле ауданының мәртебесін көтеріп, мемлекеттік қызметшілердің тек кәсіби салада ғана емес, спортта да жоғары нәтиже көрсете алатынын дәлелдедіңіздер. Баршаңызға алғысымды білдіремін және жаңа жеңістер тілеймін», – деді аудан әкімі.