ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    КонкурсАяқталды

    Іле ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Отты жылдар жырлары», «Песни огненных лет» атты облыстық ардагерлер шығармашылық байқауы өтті.

    Н.Тілендиев атындағы Іле аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға Алматы облысының аудан-қалаларынан келген ардагерлер ұйымдарының өкілдері, өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар қатысты.

    Байқаудың негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихи мұраны насихаттау, майдангерлердің ерлігіне тағзым ету, соғыс жылдарында халыққа рух берген әндерді кейінгі ұрпаққа жеткізу және ардагерлер арасындағы мәдени байланысты нығайту.

    Іс-шара барысында мәдениет үйінің фойесінде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, облыс ардагерлері арасында шахмат жарысы өткізілді.

    Айтулы шараға арнайы қатысқан Іле ауданының әкімі Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов облыстың түкпір-түкпірінен келген ардагерлермен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады. Аудан басшысы ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесі мен өнегелі өмір жолының өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.

    Байқаудың ашылу салтанатында Алматы облысы ардагерлер ұйымының төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Байқау хор және жеке орындау жанрлары бойынша өтті. Сахна төрінде Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Ұйғыр, Балқаш аудандары мен Алатау және Қонаев қалаларынан келген өнерпаздар әскери-патриоттық әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Қазылар алқасы қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениетіне және шығарманың мазмұнын жеткізу деңгейіне баға берді.

    Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы алғыс білдірілді.

    «Отты жылдар жырлары» байқауы – Ұлы Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың ерлігін ұлықтап, бейбіт өмірдің қадірін насихаттаған тағылымды мәдени шараға айналды.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруЭфирде

    Коммуналдық меншік объектісін (бұрынғы кинотеатр ғимараты) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруЭфирде

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды!

    Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өңір кәсіпкерлері арасында «Адал кәсіпкер» байқауын жариялайды. Байқаудың басты мақсаты – заң талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлікті ашық әрі жауапты жүргізетін бизнес субъектілерін қолдау, олар...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАУ

    Қайыржан Жақсымбетов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.Естеріңізге сала кетейік, Іле ауданының әкімі айына екі рет, бірінші және үшінші дүйсенбі күндері сағат 15:00-17:30 дейін қабылдайды.Қабылдауға жазылу: 8/72752/2-06-078/72752/2-00-17телефондары арқылы жүзеге асырылады.

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Астана күні құтты болсын!

    Құрметті Іле ауданының тұрғындары!Сіздерді мемлекетіміздің айтулы мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мерейін асқақтатқан, ел бірлігі мен болашаққа деген сенімнің, тұрақты даму мен жасампаздықтың жарқын символы. Бас қаламыздың бүгінгі келбеті – халқымыздың қажырлы еңбегі м...

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    Іле ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңейтілген жиын өтті.Басқосуда жаңа Конституцияның тарихи маңызы, заң үстемдігін нығайтудағы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды.Жиын бар...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарлама

    Құрметті азаматтар!2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге, сондай-ақ құқық қорға...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей