Объявление о Национальном конкурсе «Мерейлi отбасы-2026»

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КонкурсАяқталды

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі. Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2026 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

    Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (29 маусымға дейін).

    Екінші – облыстық кезең (15 шілдеге дейін).

    Облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі. Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ сайтынан алуға болады www.dvp.sko.gov.kz .

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурс жарияланды

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» КММ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдарға конкурс жариялайды. Конкурсқа облыстық БАҚ журналистері қатыса алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение...