«Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумын өткізу туралы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумын өткізу туралы
    ФорумАяқталды

    «Антиконтрафакт-2026»

    XIV Халықаралық форумын өткізу туралы

    2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласында Еуразиялық экономикалық форум аясында «Антиконтрафакт-2026» XIV Халықаралық форумы өтеді.

    Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерде жыл сайын өткізілетін «Антиконтрафакт» форумы контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірлескен тәсілдерді талқылау мен қалыптастыруға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі болып табылады.

    Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады.

    Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, құқық қорғау және кеден қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың, патенттік ведомстволардың және бейінді сарапшылық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

    Форум аясында зияткерлік меншік саласын цифрландыру, интернет-саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту, темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ цифрлық ортада сенім қалыптастыру мәселелеріне арналған тақырыптық пікірталас сессияларын өткізу жоспарлануда.

    Өткізу орны: «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18.

    Форумның басталу уақыты: сағат 09:00.

    Қатысушыларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://forum.anticounterfeight.org/#program.

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

    Зияткерлік меншік

    Ұқсас материалдар

    БейнеконференцияАяқталды

    Тікелей эфир

    Құрметті азаматтар! Сіздерді ҚР Әділет министрлігінің ресми парақшасында 8 тамыз күні сағат 11:00-де өтетін тікелей эфирге шақырамыз. 🎙 Спикер: Досжанова Гаухар Бейсенбекқызы — ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындау комитетінің басқарма басшысы. 📌 Эфир тақырыбы: Атқарушылық іс жүргізудің проблемалық мәселелері Эфир б...

    8 тамыз 2025 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің халыққа есеп беру кездесуі

    2021 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Марат Бекетаевтың онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Аталған іс-шара Facebook әлеуметтік желісіндегі Министрліктің ресми парақшасында, сондай-ақ Youtube арнасында көрсетілетін болады.

    4 маусым 2021 ж.Тікелей
    Есеп беру кездесуіАяқталды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрінің халыққа есеп беру кездесуі

    2020 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың онлайн-форматта халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Аталған іс-шара «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің интернет-ресурсында, Facebook-та, сондай-ақ Youtube арнасында көрсетілетін болады. Әділет органдары қызметіне қатысты сұрақтар мен ұсыныс...

    19 маусым 2020 ж.Тікелей
    «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінің интернет-ресурсында, Facebook-та, сондай-ақ Youtube арнасындаҚР Әділет министрлігі
    КонкурсАяқталды

    Әділет министрлігі журналистерге арналған конкурс жариялайды

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі баспа, электрондық және аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындахалықаралық төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі Әділет министрлігінің жұмысын үздік жариялауғаашық шығармашылық конкурсжариялайды. Байқаудың мақсаты мен міндетт...

    1 шілде 2019 ж.Онлайн
    ХабарландыруАяқталды

    Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

    Ағымдағы жылғы 15 қарашада сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болады. Отырыста: 1. Қазақстан Республикасы Па...

    15 қараша 2019 ж.Тікелей
    ҚР Әділет министрлігінің баспасөз орталығы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 10 қабат, №1056 кабинетҚР Әділет министрлігі
    ХабарландыруАяқталды

    Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген патенттік сенім білдірілген өкілдердің өзін-өзі реттейтін ұйымын құруға Реттеуші әсерді талдау жобасын қоғамдық талқылау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама жобасы шеңберінде жаңа реттеуші құралдарды енгізуге...

    11 қараша 2019 ж.Тікелей
    NPA порталын ашыңыз (https://legalacts.egov.kz/)ҚР Әділет министрлігі
    ОтырысАяқталды

    Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы

    Ағымдағы жылдың 1 қараша 16.00-де Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Заң шығару қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Журналистерді аккредиттеу осы жылдың 1 қараш...

    1 қараша 2019 ж.Тікелей
    Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 10-қабат, № 1056 кабинет, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз орталығыҚР Әділет министрлігі