Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастырылуымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар қатысты. Департамент басшысы О.К.Каппасов конференцияда модераторлық етіп, талқылау барысын үйлестірді. Спикерлердің белсенділігі мен ашық пікір алмасудың арқасында бұл алаң педагогикалық қоғамдастық үшін нақты шешімдер әзірлеу орталығына айналды.
Конференция барысында білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды насихаттау арқылы білім сапасын арттыру, оқушылар мен педагогтердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолдары талқыланды.
Конференция нәтижесі бойынша ұсынылған шаралар мен методикалық ұсынымдар білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттарды насихаттау мен құқықтық қорғауды күшейту үшін қолданылатын болады.