Лицензияға қосымша берілгенге дейін берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Абильмаженов және бас маман Е.Жантаев 2026 жылғы 13–15 мамыр аралығында Қосшы қаласындағы «Silk-Road Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, лицензияға қосымша берілгенге дейін берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізді.
Біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау барысында оқу бағдарламалары, педагогикалық кадрлары, оқу-тәрбие процесінің сапасы, сондай-ақ оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.