«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі
    ФестивальАяқталды

    Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жыл

    Өтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы,

    «Жоңғар-Алатау» МҰТП

    2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.

    Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.

    Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.

    Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.

    Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.

    Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.

    Фестиваль бағдарламасы:

    • Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;
    • Plein air форматындағы суретшілер байқауы;
    • Мәдени іс-шаралар;
    • Ұлттық спорт ойындары;
    • Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;
    • Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.

    «Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.

    Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!

    Ұқсас материалдар

    КөрмеАяқталды

    «Astana Eurasian Book Fair-2026»: елордада халықаралық кітап көрме- жәрмеңкесі өтеді

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian BookFair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – ОрталықАзиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайдыелорда әкімдігінің ресми сайты.«Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін ҚазақстанРеспублика...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Астана Халықаралық форумы Астанада 2025 жылдың 29-30 мамырында өтеді. #AIF2025

    Астана халықаралық форумы 2025 жылдың 29-30 мамырында #Астана қаласында өтетінін қуана хабарлаймыз. #AIF2025 We are thrilled to announce that the Astana International Forum 2025 edition will be hosted in #Astana on May 29-30. #AIF2025 🔗 https://www.astanainternationalforum.org🔗https://astanainternationalforum.org/reg...

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Республика Казахстан, город Астана