«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 16 сәуірде сағат 11.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-ші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына сұрақтар енгізіледі:
- Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Есіл аудандық
мәслихатының төрайымы А. Әділбаева