2026 жылғы 14 сәуірде Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К. Каппасовтың басшылығымен «Мониторинг қорытындылары, проблемалық мәселелер туралы» тақырыбында онлайн форматта білім бөлімдерінің басшыларының, облыстық деңгейдегі мектеп-интернаттарының, жалпы орта білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдардың, балаларды сауықтыру орталықтарының басшылары мен мамандарының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді.
Күн тәртібінде 2026–2027 оқу жылына дайындық мониторингі, 1 сыныпқа қабылдау, оқулықтармен қамтамасыз ету, жаңа үлгідегі кабинеттерді жабдықтау, күрделі жөндеу, мектептерді салу және оқу процесін сапалы ұйымдастыру, 10–11 сыныптарда типтік оқу жоспарларының тиімділігі, жеке мектептердің тексерісі жайлы айтылды. Сонымен қатар, III тоқсанға білім сапасы талданып, проблемалық пәндер анықталды.
Кеңес барысында педагогикалық әдеп мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілгені, мектеп формасына қойылатын талаптардың бақылауға алынғаны айтылды. Су басу қаупі бар аймақтардағы мектептерде тұрақты мониторинг жүргізілгені, қажет болған жағдайда қашықтықтан оқыту ұйымдастырылғаны хабарланды. PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жүргізілгені, мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібінде өзгерістер енгізілетіні және олардың оқу процесінің сапасын арттыруға бағытталғаны айтылды.
«Адал азамат» жобасы аясында мониторинг және балалар сауықтыру орталықтарын лицензиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылғаны, «Келешек мектептері» қызметінің тұрақты бақылауда болғаны хабарланды.
Департамент барлық білім беру ұйымдарын сапалы білім стандарттарын сақтау бойынша жұмысқа шақырғаны және анықталған мәселелерді жедел шешуге тиісті шаралар қабылдағаны айтылды.
Кеңес соңында сұрақтар қойылып, талқылау жүргізілді.