МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕСІМЕН ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды
    2023 жылғы 31 мамыр күні Департамент басшысы Ғ. Дәулетова білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау барысында 2022-2023 оқу жылының қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының «Дипломын» табыстады.
    Оқу жылының қорытындысымен №10 мектеп-лицей мемлекеттік аттестаттаудан өту барысында жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келді.
    Мемлекеттік аттестаттау барысындағы кешенді тестілеуге 97% оқушы қатысып, оң нәтижелі бағаны 80% оқушы алды.
    Мектеп типтік негізде, ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген.
    174 педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген, оның ішінде 169 жоғары білімді. Мектепте 46 - педагог-зерттеуші, 45 - педагог сарапшы жұмыс атқарады.
    Мектеп білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Педагогтердің әдеп нормалары, әлеуметтік желілердегі педагогтердің мәдениеті, білім беру ұйымдарындағы моральдік -психологиялық ахуал, педагогтердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып отыр

    Педагогтердің әдеп нормалары, әлеуметтік желілердегі педагогтердің мәдениеті, білім беру ұйымдарындағы моральдік -психологиялық ахуал, педагогтердің өз міндеттерін дұрыс орындамауы сияқты мәселелер әлі де өзекті болып отыр. Осы мәселелерга қатысты арыз-шағымдар Министрлік пен Департаментке түсуде. Бүгін Қызылорда обл...

    ХабарландыруАяқталды

    Педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама

    ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР! Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде. Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие. САУАЛНАМА ТОЛЫҚТ...