2026 жылғы 27 наурызда Ақмола облысы мұрағатының ұйымдастыруымен Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандарына арналған семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – істер номенклатурасын әзірлеу, қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі бойынша теориялық және практикалық білім беру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіру болды.
Семинарда қатысушыларға құжаттарды уақытша және тұрақты сақтауға дайындау, ведомстволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру талаптары туралы да жан-жақты мәлімет берілді. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес іс жүргізу тәртібі түсіндіріліп, нақты мысалдар мен тәжірибелік ұсыныстар ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, алдағы уақытта құжат айналымын жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.