Сүмбе ауылында келіндер сыны жоғары деңгейде өтті.

    Орган
    Орны
    Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сүмбе ауылында келіндер сыны жоғары деңгейде өтті.
    Іс - шараАяқталды

    Келіндер сыны жоғары деңгейде өтті

    2026 жылғы 7 наурыз күні “Сүмбе орта мектебінің” мәжіліс залында «Жақсы келін – ырысым» атты келіндер сыны байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақ келіндерінің өнегелі қасиеттерін насихаттау, отбасы құндылықтарын кеңінен таныту болды.

    Байқауға қатысқан келіндер бірнеше кезең бойынша өз бақтарын сынап, өнерлерін, тапқырлықтарын, инабаттылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, қатысушылардың ұлттық нақыштағы киімдері мен салт-дәстүрге деген құрметі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

    Іс-шара барысында қатысушылардың өнері әділ қазылар алқасының тарапынан бағаланып, үздік деп танылған келіндер арнайы номинациялармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, бағалы сыйлықтар берілді.

    Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор бұл шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор үлес қосты.

    Білім

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    “Бір шаңырақ астында”

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сүмбе ауылдық округінде тағылымы мол, мазмұнды кездесу өтті.Кездесуге ауылымызда тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері қатысып, өз ұлттарының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен ұлттық ерекшеліктері жайында әңгіме өрбітті. Әр ұлттың мәдениеті мен рухани құндылықтары т...

    29 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты
    Мерекелік концертАяқталды

    Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

    Сүмбеде Халықаралық әйелдер күні ерекше аталып өтті Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Ауылымыздың азаматы Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен ұйымдастырылған кеште нәзік жандыларға ерекше көңіл-күй сыйланды. Кеш барысы...

    5 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Сүмбе орта мектебінің мәжіліс залы
    КездесуАяқталды

    6 ақпан 2026 жылы Сүмбе ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нашақорлық – ғасыр дерті, біз болашақты таңдаймыз» атты шара өтті.

    6 ақпан 2026 жылы Сүмбе ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында «Нашақорлық – ғасыр дерті, біз болашақты таңдаймыз» атты шара өтті. Іс-шара барысында нашақорлықтың қоғамға және жастарға тигізетін кері әсері, алдын алу жолдары жөнінде ақпарат берілді.

    6 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты
    КездесуАяқталды

    2026 жылы 6 ақпан күні “Салауатты сана” жобасы аясында кездесу өтті.

    2026 жылы 6 ақпан күні “Салауатты сана” жобасы аясында Сүмбе ауылдық округінде лудоманияның алдын алу мақсатында аудандық Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шара барысында құмар ойындардың қоғамға, әсіресе жастар тәрбиесіне тигізетін кері әсері кеңінен талқыланды.Шараның басты мақсаты – қоғамда са...

    6 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты
    КездесуАяқталды

    Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу.

    Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Қатысушыларға субсидиялар, несие бағдарламалары және бизнесті дамыту жолдары жөнінде ақпарат берілді.

    27 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты
    КездесуАяқталды

    Сүмбе ауылдық округі әкімі мен Ұйғыр аудандық мәслихат төрағасы Н.Есжан және оның тұрақты коммисияларының 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы халық алдындағы есеп беру кездесуі

    Аудандық мәслихат аппараты, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1-1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы Н.Есжанның аудандық мәслихатының және оның тұрақты комиссияларының 2024 жылы атқарған жұмысы туралы халық алдында...

    29 қаңтар 2025 ж.Тікелей
    ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ СҮМБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ