Шекарасыз Наурыз: Астанада алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтеді

    Орган
    Орны
    : Астана қаласы, Инклюзивті спорт орталығы (Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    20 наурызда Астанадағы инклюзивті спорт орталығында ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтеді.

    Қазақстан бочча федерациясы мен Sport Culture қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырып отырған мәдени-спорттық іс-шарада қазақтың ұлттық дәстүрлері инклюзия және заманауи спорт тұрғысынан жаңаша ұсынылмақшы.

    Турнирдің басты ерекшелігі – ірі асықтарды пайдалану. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы болу үшін арнайы бейімделген. Жарыс басталар алдында қатысушылар асықтарды өздері бояп, оларды жеке ойын талисмандарына айналдырады.

    Турнирден бөлек, қонақтар мазмұнды бағдарламаға қатысады: мерекелік дастарқан, халықтық ансамбльдің өнер көрсетуі, дәстүрлі ұлттық ойындар және басқа да іс-шараларлар қарастырылған.

    Байланыс үшін:

    +7 701 555 84 49

    +7 777 077 77 88

    Ұлттық спорт түрлері

    Ұқсас материалдар