
Балқаш қаласының М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында қала әкімінің «Наурыз сыйы» атты бағдарламасы өтеді. Бағдарлама аясында мүгедектігі бар және дарынды балалар Наурыз мерекесімен құттықталады.
Шараға 500-ден астам бала шақырылған. Іс-шара барысында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сыйлықтар мен жылы лебіздер беріледі. Бағдарламаның мақсаты – балаларға қолдау көрсету, олардың таланттарын дамытуға ықпал ету және мерекелік атмосфера қалыптастыру.