💐Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    💐Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті аяулы аналар, ардақты қыз-келіншектер!

    Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – өмірдің бастауы, отбасының ұйытқысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Қазақ халқы қашанда ананы ардақтап, әйелді құрмет тұтқан. Тарихымызда ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан Домалақ ана, Айғаным, Бопай ханым сияқты дана аналардың өнегелі жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.

    Бүгінде ауданымыздың қоғамдық өмірінде әйелдердің орны ерекше. Сіздер білім беру, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, ел дамуына лайықты үлес қосып келесіздер. Отбасында мейірімді ана, ақылшы жар болсаңыздар, қоғамда жауапкершілігі жоғары азамат ретінде ел игілігі жолында еңбек етіп жүрсіздер.

    Мемлекетімізде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше мән беріліп келеді. Жаңа Конституциямызда да отбасы құндылықтары, ер мен әйелдің теңдігі, әр азаматтың құқығы мен қадір-қасиетін қорғау қағидаттары айқын көрініс тапқан. Бұл – қоғамдағы әділдік пен үйлесімділіктің, тұрақтылық пен дамудың берік негізі.

    Қадірлі аналар мен қыз-келіншектер! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, бақыт пен береке тілеймін. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, еңбектеріңіз әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін!

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    🔹️Аудан әкімі Медет Ысқақовтың Жеңіс күніне арналған құттықтауы

    Қымбатты аудан тұрғындары! 9 мамыр – адамзат тарихындағы өшпес ерліктің, қажымас қайрат пен асқақ рухтың символы. Бұл күн – миллиондаған тағдырдың қанымен, тылдағы тынымсыз еңбектің терімен келген Ұлы Жеңістің мерекесі. Біз үшін бұл күннің мәні де, салмағы да ерекше.Мәртөк топырағынан шайқас алаңына аттанған үш мыңға ж...

    9 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары!

    Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елдің егемендігін көздің қарашығындай сақтап, тыныштығымызды күзеткен айбынды батырларымыздың төл мерекесі. Бұл күн тек әскери қызметшілердің ғана емес, Отанына адал қызмет етуді перзенттік парызы санаған әрбір азаматтың мерекесі. Бүгінгі бейбіт күн...

    7 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті аудан тұрғындары!

    Сіздерді еліміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен, сондай-ақ Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1995 жылы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – егемендігіміздің берік тірегі, ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі. Ата Заңым...

    30 тамыз 2025 ж.Тікелей