Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Киіз үй кеңістігі: тәрбие мен тәлімнің бастауы» атты этнографиялық ART кеші

    Орны
    Екібастұз
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Киіз үй кеңістігі: тәрбие мен тәлімнің бастауы» атты этнографиялық ART кеші
    КездесуАяқталды

    Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, киіз үйдің тарихы мен оның тәрбиелік мәнін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Киіз үй кеңістігі: тәрбие мен тәлімнің бастауы» атты этнографиялық ART кеші ұйымдастырылады.

    Кеш барысында қазақ қоғамында киіз үйдің алатын орны, оның ішкі құрылысының орналасу реті, әр бөлігінің мән-мағынасы және бала тәрбиесіне, адам болмысының қалыптасуына тигізетін әсері туралы кеңінен әңгіме қозғалады. Сонымен қатар, салт-дәстүрлер мен отбасы тәрбиесіндегі киіз үй кеңістігінің рөлі талқыланады.

    Этнографиялық ART кешіне «Асыл әже» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Қоянды ауыл клубының жетекшісі Қазына Алпысбаева құрметті қонақ ретінде кештің мазмұнын толықтырып, ұлттық мұра туралы тағылымды ой-пікірлерін ортаға салады. Көрермен қатарын №11, 12 ЖОББМ оқушылары толықтырады.

    Шара барысында ұлттық бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар танымдық сұрақ-жауап алаңына қатысады. Кеш жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.

    Павлодар облысы

    Ұқсас материалдар

    Гала концертАяқталды

    24 НАУРЫЗ – ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

    24 наурыз – Шымкентте мерекелік гала-концерт өтеді 24 наурыз күні Шымкент қаласында мерекелік гала-концерт өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Бағдарламаға жергілікті өнерпаздар және елдің танымал эстрада жұлдыздары қатысады. Кештің басты орындаушылары – Қайрат Нұртас және Баянсулу. Мерекелік концерттің финалы заманауи...

    24 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    24 НАУРЫЗ – ШЫМКЕНТТЕ ОРКЕСТРЛЕР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

    24 наурыз күні сағат 15:00-де Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды шаралар жалғасады. Күндіз Астана алаңы алаңында ерекше музыкалық бағдарлама – оркестрлер айтысы өтеді.Шара барысында қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, симфониялық және эстрадалық оркестрлер өнер көрсетеді. Музыкалық кеште әлемдік классикте...

    24 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Гала концертАяқталды

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 23 наурыз күні Астана алаңында өтетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Мерекелік бағдарлама аясында: 🕚 11:00 – Ұлттық киім дизайнерлерінің сән дефилесі; 🕒 13:00 – «Қазына» халық би ансамблінің концерті; 🕖 19:00...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында «Тазалық эстафетасы» атты сенбілік экологиялық акциясы өтеді.

    23 марта в рамках проекта «Чистый Казахстан» в городе Шымкент, в Енбекшинском районе, в 10:00 состоится субботняя экологическая акция «Эстафета чистоты». В рамках мероприятия планируется очистка общественных территорий, благоустройство дворов, озеленение и вывоз мусора. К участию приглашаются жители района, представите...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    23 - наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Тазалық эстафетасы» ШЫмкент қаласында Аль-Фараби ауданында сенбілік акциясы өткізіледі.

    23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында сағат 9:00-де «Тазалық эстафетасы» атты сенбілік экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара аясында қоғамдық аумақтарды тазалау, аула аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және қоқыс шығару жұмыстары жүргізіледі. Акцияға аудан тұрғындары, ұйым өк...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей