Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана. «Наурыз көже-береке бастауы» шеберлік сабағы

    Орны
    Павлодар
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана. «Наурыз көже-береке бастауы» шеберлік сабағы
    Шеберлік сағатыАяқталды

    Наурыз – бұл көктемгі жаңару мен күн мен түннің теңелуін білдіретін, жаңа өмірдің басталуын айқындайтын ұлы мереке. Бұл күндері әр шаңырақта дастархан жайылып, ақ тілектер айтылып, мерекенің басты тағамы – Наурыз көже дайындалады. Дәстүрлі бұл тағам жеті түрлі дәмнен тұрады, ол жеті қазынаны, ырыс-береке мен молшылықты білдіреді. Әрбір үй иесінің көжені дайындау тәсілі әртүрлі болғанымен, оның мағынасы өзгермейді – ол амандық пен берекенің нышаны.

    Осы жарқын мереке қарсаңында облыстық арнайы кітапхана Наурыз көже дайындау бойынша ерекше шеберлік сағатын ұйымдастырып отыр. Шеберлік сабағын кітапхананың белсенді, көзі көрмейтін оқырманы А.С.Төлеубаева өткізеді. Ол өзінің тәжірибесімен және отбасылық дәстүрімен бөлісіп, көжені дайындаудың қыр-сырымен таныстырады. Қарапайым әрі қолжетімді азық-түліктерден мерекелік тағам әзірлеудің жолын көрсетеді.

    Бұл шеберлік сағаты тек аспаздық шара ғана емес, сонымен қатар жігер мен шабыттың, еңбек пен шеберліктің үлгісі болмақ. Баршаңызды осы тағылымды іс-шараға қатысып, Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын бірге сезінуге шақырамыз.

    Павлодар облысы

    Ұқсас материалдар

    Гала концертАяқталды

    24 НАУРЫЗ – ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

    24 наурыз – Шымкентте мерекелік гала-концерт өтеді 24 наурыз күні Шымкент қаласында мерекелік гала-концерт өтеді, ол сағат 19:00-де басталады. Бағдарламаға жергілікті өнерпаздар және елдің танымал эстрада жұлдыздары қатысады. Кештің басты орындаушылары – Қайрат Нұртас және Баянсулу. Мерекелік концерттің финалы заманауи...

    24 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    24 НАУРЫЗ – ШЫМКЕНТТЕ ОРКЕСТРЛЕР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

    24 наурыз күні сағат 15:00-де Шымкент қаласында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды шаралар жалғасады. Күндіз Астана алаңы алаңында ерекше музыкалық бағдарлама – оркестрлер айтысы өтеді.Шара барысында қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, симфониялық және эстрадалық оркестрлер өнер көрсетеді. Музыкалық кеште әлемдік классикте...

    24 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Гала концертАяқталды

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 23 наурыз күні Астана алаңында өтетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз. Мерекелік бағдарлама аясында: 🕚 11:00 – Ұлттық киім дизайнерлерінің сән дефилесі; 🕒 13:00 – «Қазына» халық би ансамблінің концерті; 🕖 19:00...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында «Тазалық эстафетасы» атты сенбілік экологиялық акциясы өтеді.

    23 марта в рамках проекта «Чистый Казахстан» в городе Шымкент, в Енбекшинском районе, в 10:00 состоится субботняя экологическая акция «Эстафета чистоты». В рамках мероприятия планируется очистка общественных территорий, благоустройство дворов, озеленение и вывоз мусора. К участию приглашаются жители района, представите...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    23 - наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Тазалық эстафетасы» ШЫмкент қаласында Аль-Фараби ауданында сенбілік акциясы өткізіледі.

    23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жобасы аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында сағат 9:00-де «Тазалық эстафетасы» атты сенбілік экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара аясында қоғамдық аумақтарды тазалау, аула аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және қоқыс шығару жұмыстары жүргізіледі. Акцияға аудан тұрғындары, ұйым өк...

    23 наурыз 2026 ж.Тікелей