«Сарыарқа» заңгерлік кеңесшілер құқықтық орталығы» ҚБ жүргізетін тегін заңгерлік кеңес қызметі туралы халыққа арналған ақпарат

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасының халқы үшін тегін заңгерлік
    консультациялар.
    «Сарыарқа» заңгерлік консультанттардың құқықтық
    орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының
    барлық өңірлерінің тұрғындарына тұрақты негізде тегін заңгерлік
    кеңес қызметтерін көрсетеді.
    Қызмет 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, ал 2018
    жылдан бастап — қоғамдық бірлестік аясында жұмыс істейді.
    Қызметіміздің негізгі мақсаты — әлеуметтік осал топтарға
    жататын халыққа, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға,
    сондай-ақ құқықтық қолдауға мұқтаж барлық тұлғаларға тегін
    құқықтық көмек көрсету.
    Кеңес беру қызметтері тегін негізде, соның ішінде әлеуметтік
    желілер мен мессенджерлерді пайдалану арқылы қашықтан да
    көрсетіледі.
    Тегін заңгерлік консультациялар көрсету жөніндегі қызметтің
    мерейтойлық кезеңіне байланысты қоғамдық бірлестік
    ақпараттық сүйемелдеумен құқықтық-ағартушылық ісшараларды өткізуді және Қазақстан Республикасында тегін
    заңгерлік көмектің дамуына арналған естелік төсбелгілерді
    таратуды жалғастыруда.
    Іс-шаралар тек әлеуметтік және қоғамдық пайдалы сипатқа ие,
    коммерциялық емес болып табылады және халықтың құқықтық
    сауаттылығын арттыруға бағытталған.
    Тегін кеңес алу үшін байланыс нөмірі:
    WhatsApp: +7 701 870 98 89

    ЕСКЕРТУЛЕР

    Ұқсас материалдар

    КездесуЖақында

    Хабарландыру

    Қостанай ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабына және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 29 желтоқсанда сағат 09:00-де Қоста...

    29 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы Тәуелсіздік көшесі, 65, (Қостанай ауданы әкімдігінің ғимараты) мекенжайы бойынша конкурс өтеді.Қостанай облысы Қостанай ауданы Мичурин ауылдық әкімшілігі