Бірлік ауылдық округі әкімінің халықпен кездесулері өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Бірлік ауылдық округі әкімінің халықпен кездесулері өтті
    КездесуАяқталды

    2026 жылдың 17 ақпан күні Бірлік ауылдық округінің әкімі Дидар Мухаметжанның Суптай, Шежін ауылдарының тұрғындарымен кездесулері өтті. Кездесу барысында округ әкімі жиналған көпшіліктің қалауымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсетікіштері жайында қысқаша хабарлама жасап, тұрғындарды атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарлармен таныстырды. Сондай-ақ, ауылдық округте қордаланған түйткілді мәселелерге де тоқталып, оларды шешу жолдары туралы өз ұсынысын білдірді. Хабарлама аяқталған соң, кездесудің сұрақ-жауап бөлігінде азаматтар көкейдегі сауалдарын жолдады.

    Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару