Онлайн домбыра үйірмесіне тіркелу ашылды!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелде тұратын барша отандастарымызды және этникалық қазақтарды онлайн форматтағы тегін домбыра үйірмесіне қатысуға шақырады.

    Үйірме ерекшеліктері:

    • Zoom платформасы арқылы интерактивті сабақтар;
    • Ұзақтығы 3 айлық қарқынды модуль (Бастауыш және Озық топтар);
    • Кәсіби ұстаздан тікелей тәлім алу;
    • Үйірмені сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.

    ⚠️ Маңызды талап: Әрбір қатысушының жеке домбыра аспабы болуы міндетті.

    📅 Оқу процесі: Тіркелген қатысушылар деңгейлеріне қарай топтарға бөлініп, сабақтар 2026 жылғы наурыз айынан басталады. Нақты сабақ кестесі қатысушыларға қосымша хабарланады.

    Орын саны шектеулі. Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, сауалнаманы толтыру қажет: 👉

    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSewMRUIaSygSQMrVvL0KDMYAvsllwkkb6DVO51fc3HVf-Q9yg/viewform?usp=publish-editor

    Толық ақпарат алу үшін:📞WhatsApp: +7 700 671 90 33 (Марал) +7 705 664 72 11 (Жандос)

    Ұқсас материалдар

    СаммитАяқталды

    Астана 2026 жылы сәуір айында Өңірлік экологиялық саммитті өткізеді

    АСТАНА – Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Өңірлік экологиялық саммит (RES) 2026 22–24 сәуір күндері өтеді. Саммитке өңір елдерінің мемлекеттік органдарынан, халықаралық ұйымдардан, даму институттарынан, сарапшылар қауымдастығынан, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдерінен шамамен 1 500 қатысушы ж...